Хабар телеарнасы

Ақтөбеде мамыргүл қайта гүлдеді

Бұл — сирек кездесетін құбылыс. Әдетте көктемде ғана бүршік ататын өсімдіктің күзде қайта гүлдеуі көпшілікті таң қалдырды. Сәуле Тәжина ауласындағы үш түп бұтаны «осыдан 15 жыл бұрын отырғыздық» дейді. Бұған дейін күзде гүлдемеген. Қазір тек біреуі ғана бүршік жарып, көктемнің күніндей қайта оянып тұр. Табиғаттың бұл тылсым құбылысы шырын жиған бал араларына да күтпеген сый болған сыңайлы.