Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим іске қосылады
10-шы қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим іске қосылады. Мұны еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазақстандықтар көрші елде 30 күн бола алады. Өз кезегінде қытайлықтар да, біздің елде бір айдай жүруге құқылы. Туристік, кәсіпкерлік, іскерлік, ем алу және транзит мақсатында Қытайға кіру үшін виза қажет болмайды. Сонымен қатар, 11-ші қарашадан бастап екі ел азаматтардың келуі, елде жүруі туралы өзара ақпарат, алмаса алады.