Қазақстанда кассациялық сот құрылады
Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев жаңа орган туралы Парламент депутаттарымен талқылау өткізді. Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша қызмет атқаратын кассациялық сот Астанада пайда болады. «Жоғарғы соттан бөлініп шығатын болғандықтан оған қосымша қаржы бөлінбейді»,— дейді құзырлы орган өкілдері. Бұл сот апелляциялық сот пен Жоғарғы соттың арасындағы инстанция болады.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:
-Бұл ұсыныстарды жасамас бұрын біз де өз ішімізде бұл мәселелерді терең талқылап қарадық. 370 мыңнан астам азаматтық іс жылда қаралатын болса, оның 9-10 мыңға жуық істер Жоғарғы сотқа шағымдалып жатыр. Соның ішінде кассациялық қарап, оның өзгеру пайызы 5-ақ пайыз. Сондықтан оны тағы көтеріп, ары қарай қолжетімділігін қамтамасыз етіп, кассацияның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымыз болып отыр.