Хабар телеарнасы

Ақтауда метанмен жүретін 30 автобус қолданысқа берілді

Жыл соңына дейін шаһарға дәл осындай 90 автобус жеткізіледі. Осылайша Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік парктері 100% жаңарады. Жаңа автобустар жергілікті бюджет есебінен сатып алынған. Әрқайсы 7 бейнебақылау камерасы, ауа баптағыш жүйе және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған құрылғымен жабдықталған. Бұл көліктерге метан газын құятын станция да іске қосылды. Жоба құны 600 млн теңге. 

Бекнұр Бейсов, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы:
- Бұл, біріншіден бюджеттен субсидияға төленетін ақшаны үнемдеу. Екіншіден, экологиялық бұл деген қауіпсіз газ болатын болады. Жеті жылға лизингке алынған автобустар. Бұл мекемеде 460 адамға жаңадан жұмыс орындары ашылады.