Биыл кәсіпорындарда 175 жұмысшы қаза тапты
Оның 70% жуығы мекеме басшылығының кінәсінен болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты. Жалпы Қазақстанда 119 мың кәсіпорын бар. Биыл оларда мыңнан астам адам зардап шеккен. Оның ішінде 175 адам көз жұмған. Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай облыстарында тіркелген. Еңбек инспекторлары жүргізген тексеру нәтижесінде 9 мыңға жуық заңбұзушылық анықталыпты. Ведомство жағымсыз статистиканы кәсіпорындардағы әр жұмыс орнын цифрлық картаға енізу арқылы шешуді көздеуде.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ комитет төрағасы:
- Осы мәселелердің барлығы жалпы мекеме бойынша болатын. Оны әр мекемедегі жұмыс орны бар ғой, соған байлайын деп отырмыз. Өнеркәсіп мекемелерінің барлығын 2025 жылдың аяғына дейін сол картаға енгізетін ойымыз бар.