Ақтөбеде қызылша дерті дендеп барады
Сондай-ақ Ақтөбеде күз айларында қызылша дертінің таралуы өршіп, тіпті ауруханаларда орын тапшылығы байқалған. Мәселе шешілді ме? Өңір басшысы Асхат Шахаровтың айтуынша, қазір аймақта осы дертті жұқтырған 207 адам ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар сырқаттанғандардың 36-сы ересек, 189-ы 3 жасқа дейінгі бала деп отыр. Науқастардың 87% екпе алмаған. Өңірде науқастар көбейген жағдайда оларды емдеу мекемелеріне жатқызу үшін алдын ала шаралар қабылданды.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
-30 мың вакцина оның алдында біз алған болатынбыз және 70 мың вакцинаға біз қосымша қаржы бөлдік. Енді қазіргі таңда бізде қосымша 200 керует қосты. 327 керует бар. 200 науқас емделіп жатыр. Толықтай оны емдеуге барлық мүмкіндіктеріміз бар.