Сырдария өзенінің деңгейі көтерілді
Бүгінде Қызылорда облысының аумағына секундына 400 текше метрден астам су келіп жатыр. Өзен арнасының Арал мен Шиелі ауданы аралығын мұз жапқан. Қалыңдығы – 15-25 сантиметрге дейін.
Ал Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекені тұсында күр жүруде. Осыған байланысты облыста су тасқынына қарсы дайындық шаралары пысықталды. Қазір төтенше жағдай кезінде пайдаланатын 117 тонна жанармай, 139 мың дана қап, 18 мың бау қамыс дайын тұр. Сонымен қатар 69 эвакуациялық пункт бар. Мұнан бөлек мұз жару жұмыстары мен қосымша қап алуға бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінді.