Хабар телеарнасы

Зиянды жұмыс істеген 37 мың адамға әлеуметтік төлем жасалады

Келер жылдан бастап зиянды жерде ауыр жұмыс істейтін 37 мың қызметкерге арнайы әлеуметтік төлем тағайындалады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Айтуынша, қызметкер 55 жасқа толғанда жұмыс берушіге өтініш жазуы керек. Төлем тағайындалса, келер жылдан бастап орташа есеппен - 208 мың теңге алады. Қаржы зейнет жасына дейін беріледі. Бірақ олардың жұмыс істеуіне шектеу болмайды. Жыл сайын қаржы көлемі мен төлем алушылар саны өседі.

Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде, шахтада зиянды жағдайда жұмыс істеген қазақстандық болуы тиіс. 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 
- Азаматтар көп жылдары жұмыс істеп, 55 жасқа толып, 7 жыл бойы өздеріне төлемдерді, зейнетақы жарналарды аударып отырған кезінде сол төлемдер төленетін болады. Төлемдер 4 көзден беріледі. Бірінші республикалық бюджеттен 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінде төленеді. Бірінші жұмыс беруші тарапынан, екіншісі сақтандыру компаниялар тарапынан төленетін болады.