ТЖМ: Жаңа жыл мерекесін өткізетін орынды алдын ала тексеріп алыңыз
Жаңа жыл мерекесін өткізетін орынды алдын ала тексеріп алыңыз. Төтенше жағдайлар министрлігі мейрамды көпшілікпен бірге тойлайтын ағайынға осындай кеңес берді. Мамандардың сөзінше, ғимараттың кемінде екі апат жағдайында шығу есігі болуы тиіс. Шыршаны ашық жерге орнату қажет. Ал отшашуларды тек далада пайдалану керек. Өйткені дәл осы күндері халық қауіпсіздікті қаперден шығарып алады. Былтыр жаңа жыл мерекесінде 140 өрт болып, 4 адам көз жұмған. Пиротехникалық заттарды да абайлап қолданған жөн.
Рамиль Камалов, ҚР ТЖМ Комитет төрағасы:
-Қазір біз полиция қызметкерлерімен бірігіп, заңсыз сатылып жатқан, сертификатталмаған пиротехникалық заттарды анықтау үшін рейд өткізіп жатырмыз. Жыл сайын сондай 10 мыңнан астам құжаты жоқ бұйым тәркіленеді. Ал көлеңкелі кәсіптің иесіне айыппұл салынады.