Ұлытау облысында ауа ластанып барады
Биыл Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кейбір бөлігін төтенше экологиялық жағдай аймағы деп тану үшін арнайы зерттеу басталған болатын.
Сол жұмыстардың аралық нәтижелері жарияланды. Өткен 8 айда ғалымдар тобы ауадан 640 мыңға жуық сынама алған. Жылжымалы зертханалармен жерасты және жерүсті сулары, жан-жануарлар мен өсімдіктер және топырақ құрамы зерттелді. Анықталғаны - өндірісті қалада ауа ластануы жоғарылаған.
Судың құрамында темір мен хлоридтердің үлесі мөлшерден асып кеткен. Дегенмен ғалымдар әлі түпкілікті шешім шығаруға ерте деп отыр. Зерттеу жұмыстары келер жылы да жалғасады.
Ерлан Сәдуақасов, ғылыми-зерттеу тобының мүшесі:
- Қазіргі уақытта қандай результаттар айта аламыз? Мысалы, Жезқазған қаласы бойынша сероводородтан 10-15 есе көбейген оқиғалар анықтап отырмыз. Асыралау бар. Бірақ оны біз әлі де анықтаймыз қалай өзгеретінін. Біз заң бойынша 2 жыл қарауымыз керек. Мүмкін қазір осындай жағдай. Келесі жылы өзгерсе тенденциясын қарап, анықтайтын боламыз.