Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін технологиялық көпірдің құрылысы аяқталды
Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін технологиялық көпірдің құрылысы аяқталды. Бұл негізгі көпірдің құрылыс қарқынын арттырады. Жабдықтарды жедел жеткізуге мүмкіндік береді.
Президент тапсырмасымен салынып жатқан нысан биыл Көлік министрлігінің қарамағына берілді. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр. Бір жағында жаяу жүргіншілер жолағы болады. Қазір Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы қарқынды. 18 тіректің 12 орнатылған. Көпір келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Ермек Көшербаев, ШҚО әкімі:
- 2021 жылы осы көпірдің салу құрылысы басталған. Амандық болса, келесі жылдың аяғына дейін осы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Көп уақыттағы армандаған екі аудан Шығыс Қазақстан елінің арманы орындалады деп ойлап отырмын. Бұл көпірдің маңызы өте ерекше. Бұл осы біздің өңірдің дамуын басқа бір жоғары дәрежеге көтереді.