Адай жылқысы қазақтың ұлттық бренді ретінде тіркелді
Арнайы комиссия алдын ала жинақталған 1 400 жуық жылқының мәліметтерін сараптап, генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізген.
Нәтижесінде Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» адай жылқысын ұлттық бренд ретінде патенттеу туралы шешім қабылдады. Адай жылқысы – қыл құйрықтының ішіндегі мініске жайлы, ыстық пен суыққа төзімді тұқым.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарында Адай жылқысын ғылыми тұрғыда асыл тұқымды деп тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды қолға алуды тапсырған. Адай жылқысы 1956 жылы тәулігіне 534 шақырым шауып, рекорд жасаған. Соңғы жылдары да аламан бәйгелерде де топ жарып, төзімділігін көрсетіп жүр.
Оның үстіне бұл бергіде пайда болған немесе селекционер мамандар жұмысының нәтижесінде шыққан жылқы тұқымы емес, халқымыздың бағзы тарихынан қалған табиғи таза тек.
Айдын Артықова, ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары:
- Селекциялық жетістік деген зияткерлік меншіктің үлкен саласы бар. Соның ішінде асыл тұқымды адай жылқысы тұқымы потенттелген. 6 потент берілді. Бірі тұқымның өзіне, 3 линиясы бар олар да потенттелген, 2 түріне, сонымен 6 потент берілді.