Ақтөбе облысында жол-көлік апаты көбейген
Ақтөбе облысында өткен жылы 648 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 170-ке жуық адам көз жұмды. Мұндай көрсеткіш полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр. Әсіресе «Самара-Шымкент» бағытындағы тас жолда көлік апаты жиілеген. Машиналардың қарсы бағытқа шығып кетуі, бір-бірін басып озуы секілді әрекеттердің соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Сондықтан жол бойындағы қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Бұл бағытта тәулігіне 15 мыңға жуық көлік қатынайды. Арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Еуропа елдерінің жүк көліктері де бар.
Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПҚ бастығы:
-Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін 16 наряд қойып отырмыз қазіргі таңда. Әрбір 30 шақырымға қойып отырық. 30 шақырымда сол берілген аумақта барлық профилактикалық іс-шара жүргізілетін болады. Яғни жолдық қауіпті бөліктерін көрсетіп, сонымен қатар «Қазавтожол» мекемесімен тығыз байланыстамыз.