Бәшімов: Конституциялық реформа көп өзгеріс әкелді
Конституциялық және саяси реформалар елдің әл-ауқатын арттыруда оң нәтиже берді.
Сонымен қатар Қазақстан өзінің сыртқы саяси стратегиясы шеңберінде әлемнің негізгі елдерімен табысты ынтымақтастық орнатты. Яғни Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асып жатыр.
Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының сарапшылары: «Соңғы жылдары өзекті мәселеге айналған барлық тақырыптар ашып айтылған», - дейді.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Конституциялық реформа көп өзгеріс әкелді. Азаматтық қоғам оны қолдап отыр. Ол өте маңызды. Президент бір Конституциялық принципті тура айтып кетті. Ол – адам құқықтары принцптері. Ол әділеттік пен теңдік. Біздің Конституциялық реформа өзгерістері адам құқықтары саласына көп өзгеріс әкелді. Конституциялық Сот құрылғаннан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болсын, сайлау процесі, негізгі принциптер іске асырылып жатыр.