Хабар телеарнасы

Сарапшы: Басшы өз қызметкерлерінің алдында есеп беруі тиіс

Саяси реформаларды іске асыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ел экономикасын көтеруге, әлеуметтік жағдайды жақсартуға қоғам болып атсалысу қажет,- дейді Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылған сарапшылар.

Алматыдағы Тұран университетінде басқосқан экономистер, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар Жолдауда міндет пен жауапкершілік туралы баса айтылғанына назар аударды. 

Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы: 

- Айтарым, қандай деңгейде болсын, биліктегі адам болсын немесе жай қарапайым қызметтегі адам болсын, жауапкершлік сезіну керек. Сондықтан ол жауапершілік қай кезде болады? Есеп берген кезде. Сондықтан айтарым жыл сайын әр мекеменің басшысы өзінің қызметкерлерінің алдында, Үкіметтің алдында ашық есеп беріп отыру керек. Осы түйіндегенім.