Алматыда жер сілкінісі бола ма?
Алматы облысында 15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алайда, сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары мұншалықты алаңдауға негіз жоқ дейді. Олардың айтуынша, қалалық инфрақұрылымға зақым келтіруі мүмкін жер сілкінісі болмайды. Орталықтың 2023 жылға дейін жасаған орта мерзімді болжамдары салыстырмалы түрде дәл келген. Бүгінде онда жер қыртысының белсенділігіне байланысты 200-ден астам әртүрлі параметрлер бойынша зерттеулер жүргізетін 10 зертхана бар.
Нұрсәрсен Өзбеков, сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар ұлттық ғылыми орталығы басшысының орынбасары:
-10 қаңтарда Сейсмологиялық зерттеулер нәтижесін талдау негізінде 10-17 қаңтар аралығындағы жағдайға қорытынды жасалды. Қорытындыға сәйкес, Алматының сейсмикалық белсенді аймағында магнитудасы 5,5 және эпицентрінде 7 балдан жоғары жер сілкінісі болмайды деген болжам жасап отырмыз.