Kaspi.kz шетелдіктерді технологияларымен таңғалдырды
Kaspi.kz тағы да таңғалдырды. Астанадағы Цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясына келген шетелдіктер картоматтың қазақстандық Kaspi Gold картасын шығару жылдамдығынан ерекше әсер алды.
Қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясының көрме стендіне бірінші болып Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және ЭСКАТО Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алишахбана келді. Мұндағы залда Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелері ұсынылған. Шетелдік қонақтарды барша қазақстандықтарға жақсы таныс Kaspi Gold картасы, дәлірек айтсақ, оның жоғары жылдамдықтағы өндірісі қатты таң қалдырды. Конференцияда көрсету үшін арнайы картомат әкелінген.
Симеон Тааси, конференцияға қатысушы:
-Мен мұндайды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Картаны алу үшін бір-ақ минут керек. Менің ойымша бұл адамдар үшін өте маңызды. Картаны алу үшін бір-ақ рет басасыз.
Амена Яуволи, конференцияға қатысушы:
-Бұл керемет. Таңғаларлық, қандай жылдамдықпен басып шығады. Менде кәдесый, алтын карта бар. Естелік үшін сақтап қоямын.
Айта кетейік, қонақтар конференцияда алған бұл карта төлем картасы емес, естелік кәдесый. Kaspi.kz Қазақстанда жасалған жазуы бар. Картомат іс жүзінде тоқтаусыз жұмыс істеді. Одан сыйлық картасын алғысы келетін адамдар легі толассыз болды.
Васити Чирикиясава, конференцияға қатысушы:
-Мен бұл технологиядан ерекше әсерленіп тұрмын. Меніңше, бұл өте маңызды. Өйткені қазіргі кезде бәріміз бәрін жылдам алғымыз келеді. Бәрі уақытын бағалайды, уақыт - ол ақша. Дәл қазіргі уақыт режимінде өнім ұсынатын мұндай қызметтің пайда болғаны маңызды.
Джефф Кицман, конференцияға қатысушы:
-Маған бұл технология ұнайды, бұл картаның поштаға келуін күткеннен жылдамырақ, әсіресе ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, картаны ауыстыру қажет болса. Иә, керемет технология!
Джон Вахер Амос, конференцияға қатысушы:
-Мен мұндай технологияны бірінші рет көріп тұрмын. Айтайын дегенім, карта жасау үшін бар болғаны 60 секунд кетеді. Біз мұндай технологияны ешқашан кездестірмедік немесе көрмедік!
Азия-Тынық мұхиты елдерінің министрлер конференциясы Қазақстанда алғаш рет өтті. 80 жыл қатарынан бұл айтулы оқиға Бангкокта өткізіліп келеді. Ал қазір 60 елдің цифрлық технологиялар саласындағы көшбасшылары өзара тәжірибе алмасып, келісімдер жасап, қазақстандық инновациялық шешімдерге таң қалуда.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар бизнес, білім, денсаулық сақтау үшін жаңа көкжиектер ашатынын және миллиондаған адамдар үшін экономикалық өсуге жетелейтінін атап өтті. Сондықтан біз бұл саланы белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі цифрландырылған 30 елдің қатарына кіреді және онлайн қызмет көрсету бойынша 8-ші орында.
Далбир Сингх, конференцияға қатысушы:
-Сіз кезекке тұру, нөмір алу сияқты қиындықтардан аулақ боласыз және жай ғана кіріп, бетіңізді сканерлеңіз және барлық ақпарат бұрыннан бар, картаны аласыз. Менің ойымша, бұл керемет. Мен цифрлық технологияларды енгізу жағынан Қазақстан жетекшілердің бірі екенін білемін. Жарайсыздар, Қазақстан!
Форумның үш күнінде жүздеген келісімдер жасалды. Осылайша, жаңа технологиялардың арқасында Қазақстан жаһандық инновациялық картадағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.