Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Ведмствоның мәліметінше былтыр елдегі байланыс операторларына 782 тексеріс жүргізілген. Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді. Оның ішінде Tele2 - 751,4 млн, Kcell - 563,2 млн, Beeline - 329,4 млн теңге айыппұл төледі.
Көңілім-Қош Қалимов, телекоммуникация комитеті бақылау басқармасының бас сарапшы:
- Біздің министрлік ұялы байланыс операторларына қатысты тексерістерді жиі жүргізіп тұрады. Талапты орындамаған операторларға айыппұл салу көзделген. Тексерістен кейінгі ескертулерді жарты жыл елемеген жағдайда айыппұл көлемі екі еселенеді. Былтыр операторлар нұсқамалардың 65% орындады. Бұл тексерулер операторлардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.