Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Бұдан былай қазақстандықтар Сейшел аралдарына 30 күнге визасыз бара алады. Екі мемлекет аумағында болу мерзімі жарты жылда 90 күннен аспауы керек. Қазақстан мен Сейшел Республикалары арасындағы келісім 6 қаңтарда күшіне енді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Сондай-ақ ол Араб түбегіндегі саяси ахуалға тоқталып, зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ деген ақпаратты растады.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Бізде қолда бар ақпаратқа сәйкес Йеменнің аумағында консулдық есепте тұрған қазақстандық азаматтар жоқ. Сондықтан қандай да бір зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.