Марқакөл халқы мал басын сақтап қалу үшін жанталасып жатыр
Омбы қар әсіресе таудағы жылқыға ауыр тиіп тұр. Әзірге шығын жоқ болғанмен, ауылдықтар оның алдын-алу үшін таудағы малды жаппай төмен түсіруді ұйғарыпты. Өйткені күн райының әлі қалай құбылары белгісіз.
Осыған дейін 500 бас жылқы омбы қардың ортасынан қауіпсіз жерге жеткізілді. Енді 300 басты аман-есен түсіру керек.
Айта кетейік, Марқакөл биыл ақ ұлпаның астында қалды. Қардың қалыңдығы кейбір жерде екі метрге дейін жетеді. Ауыларалық жолдар жабылып, жұртты әбден әбігерге салды. Күні малға қараған шаруалар төрт түлік қыстан қалай шығар екен деп алаңдаулы. Өйткен күзде жауын-шашын болып, азықтың да берекесі кеткен еді.
Дегенмен мамандар «жем-шөптен таршылық болмайды» деп сендірді. Аумақта жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай әлі де күшінде.
Диляра Жылқайдарова, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Дегенмен тау жақтан малын түсірмейміз деген де халық бар. Бірақ біз олардың барлығына егер түсірген жағдайда ол кісілер енді жай-күйі кетіп қала ма деп қорқып отыр ғой малдарының. Оған Марқакөлдің орталығына 100 тонна шамасында жемшөп дайын тұр.