Тараздағы балабақшалар мен мектептерде сейсможаттығулар өтті
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Тараздағы балабақшалар мен мектептерде сейсможаттығу өткізді. Дабыл қағыла салысымен бүлдіршіндерге қауіпсіз орындарға қалай тығылу қажеттігі түсіндірілді.
Ал мектептегі жаттығу кезінде оқушылар бірден қауіпсіз жерге шығып үлгерді. Құтқарушылар оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Алматыдағы дүмпуден соң Жамбыл облысының барлық мектебінде сейсможаттығу өткізілді.
Данияр Келіс, қалалық ТЖБ аға офицері:
- Әрбір білім беретін және орта білім беру мектептерінде әрбір шығатын есіктерде авариялық выход жарық шамы жанып тұруы. Азаматтық газтұмылдырық ГП7. Алғашқы өрт пайда болған кездегі өрт сөндіруге арналған жеңдер, рукав дейміз. Оның барлығы даярлықта тұру қажет.