Хабар телеарнасы

Тараздықтар интернетке қол жеткізе алмай отыр

Тараз тұрғындары интернетке қол жеткізе алмай отыр. «Арай» шағын ауданына халық осыдан 12 жыл бұрын қоныстана бастаған. Алайда әлі күнге ғаламтор желісі жоқ. Жұрт жақынымен хабар алмасу үшін қырға шығып, желі іздейді. Ал оқушылар мен ұстаздар компьютерін арқалап көше басына баруға мәжбүр. Бұған дейін қала билігі байланыссыз алқапқа антенна орнатқан екен. Бірақ жұрт «радиация тарайды» деп үрейленіп, алдырып тастаған. Енді жергілікті билік интернетті талшықты желімен жеткізбек. 

Еркебұлан Амангелді, Тараз қаласының тұрғыны:

-Ұстаздар бар, мысалы мына жерде отчет тапсырамын деп анау каналдың жағасына барып, кешкі сағат 10-нан түнгі 2-ге дейін күйеуі екеуі сол жерде отчет тапсырып отырған. Қалаға жақын мкр-ға жақын, ал мына жерде өйтіп ұстамайды. Жылдамдық жоқ.

Нұрсұлтан Исабеков, қала әкімінің орынбасары:

-Келесі айда бүкіл массив «Арай», «Арай 2» массиві толық интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда барлық көшесіне жүргізілді. Толық құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып тұр және де мынау келесі айдың 15-де қосу жоспарлануда.