Ақтөбеде қазақы тазылардың көрмесі өтті
Оған Астана мен Алматыдан арнайы мамандар қатысып, иттердің түр-тұлғасына баға берді. Дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қан тазалығына да баса назар аударды. Көпшілік назарына ұсынылған 80 иттің 50-і жоғары бағаланды. Тіпті талапқа сай келгендері тиісті құжатқа енгізілді. Бұл құжат иттердің әлемдік деңгейдегі сайыстарға қатысуына мүмкіндік береді.
Айбол Алпысбаев, Қазақстан кинологтар одағының мүшесі:
-Президенттің тапсырмасы бойынша осы қолға алынып отыр ғой. Не береді бұл баға? Тазыны әрі қарай дамытуға, тұқымды сұрыптап ертеңгі күні стандартқа сай келтіретіндей қылып бір қалыпқа келтіреді.