Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында үш қойылым сахналанады
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ақпан, наурыз айларында үш қойылым сахналанады. Олар — иммерсивті бағыттағы «Таптым-ау сені», «Күйеу бала» және «Кездесу мен қоштасу» спектакльдері. «Күйеу баланың» атауын режиссер, аталған өнер ұжымының жаңадан тағайындалған көркемдік жетекшісі Данияр Базарқұлов «Қазақтың тойы бітпесін» деп өзгерткен. Данияр адамның ойын дүр сілкіндіретін, психологиялық бағыттағы драмалармен жұмыс істегенді ұнатады. Театрға соңғы 2 жылда 20 жас актер жұмысқа алынып, жатақханамен қамтамасыз етілген.
Данияр Базарқұлов, режиссер:
-Мұғалім спектаклімен келіп кеткен едім өткен жылы. Көрерменнің ықыласын көріп, жалпы бұл жақтың халқы өнерге жақын екенін байқаған болатынмын. Театр ғимараты керемет жағдайда. Свет жағынан болсын, музыкалық жағынан болсын, залдың әсемдігі барлық жағынан көңілден шықты. Актёрлары да өте дарынды.