Хабар телеарнасы

Жетісуда білім бөлімінің есепшісі 34 млн теңге жымқырған. Өңір жаңалықтары

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы білім бөлімінің есепшісі 34 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Прокуратура мәліметінше, ол мұғалімдерге еңбекақыны және демалыс ақысын артығымен аударып отырған. Сондай-ақ мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төлеген. Ал Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындарда құрылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 млн теңгеден астам қаржы аударған. Осы фактілер бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 


Қостанайдағы Ғафу Қайырбеков атындағы №9 мектепте күрделі жөндеу басталды

Ал онда оқитын мыңға жуық оқушы қаладағы №22 және 11 мектептерде білімін жалғастырады. Ақпанның 1 басталған жөндеу маусымның 19 аяқталуы тиіс. Бұл мектеп қырық жылға жуық жөндеу көрмеген. Төбесінен су тамшылап, ағаш терезелері мен есіктерінің сыры кетіп, тозығы жеткен.

Атырауда мектепке дейінгі ұйым педагогтарының бірінші республикалық слеті өтті

500 жуық маман қатысқан шара барысында бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру және тәрбиешілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Бір ғана Атырау облысында желтоқсан айында 9 балабақша пайдалануға берілген екен. Салада кадр тапшы. «Сондықтан балабақша жұмысына жастарды тартып, олардың жалақысын көтеру керек», - дейді мамандар.