Хабар телеарнасы

Түркістан облысында ветеринария қызметінің басшысы сотталды

Сыйақы беріп, қайта жинап алды. Иә, мұндай да болады екен. Түркістан облыстық ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бегманов 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5,5 млн теңгені қалтасына басқан. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болды. Сот оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.