Қарағанды облысында жылқы арасында індет тарады
Қарағанды облысының Төрткөл ауылында жылқы арасында эпизоотиялық лимфангитке ұқсас індет тарай бастады. Қазір ауыл тұрғындары ауырған малдың суретін жан-жаққа таратып, жәрдем сұрап отыр. Басқаша «африкалық сап» деп аталатын кесел тек жұмыр тұяқты жануарға жұғады. Ауруға шалдыққан жылқы денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалады. Мамандар: «Инфекциялық індеттің дәрісі әлі табылмаған», - деп отыр.
Қайырбек Тұрсынбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Ауырып тұрған 3 бас жылқыдан эпизоотиялық лимфангит белгілері анықталды. Сынамалар алынып, зертханаға жеткізілді. Линфангит анықталған жағдайда елді мекенде карантин белгіленіп, карантин аясында ауырған, өлген жылқылар жойылып, мал иесіне заңнамаға сай нарықтық бағамен өтемақы төленетін болады.