Ғылым оңбай, экономика оңалмайды
Жайылым жерлердің өнімділігін көтеріп, ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда осындай бастама көтерілді. Қазір отандық ғалымдар топырақтың құнарын қалпына келтіру мақсатында бірнеше жобаны қолға алған. Конференцияда техникалық маман тапшылығы мәселесі де талқыланды. Тіпті кейбір кәсіпорындар кадр жетіспеуінің салдарынан толық қуатта жұмыс істей алмай отыр. Түйткілді шешу үшін Шоқан Уәлиханов университеті мен өндіріс ошақтары ынтымақтастық орнатуға ниетті.