Хабар телеарнасы

Түркістан облысында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы басталды

Қоғамдық кеңес мүшелері «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі аумағын тексерді. Айтуларынша, кесене маңынан сусын сататын орындар ашу керек және қоқыс контейнерлері мен әжетханаларды көбейткен жөн. Республикалық акция 15 қыркүйекке дейін жалғасады.