«Түркістан – Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы» атанды
Осыған орай биыл жыл бойы рухани шахарда 25 халықаралық, 21 республикалық және 53 облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Туристік маусымның ашылу салтанаты 18 наурыз күні «Керуен сарай» кешенінде өтеді. Оған көрші елдерден келген меймандар мен отандық өнер жұлдыздары қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар 18-23 наурыз аралығында Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға автошеру ұйымдастырылады.