Хабар телеарнасы

Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысы бар 11 адам сотталды

Істі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Оларға жаппай тәртіпсіздікке қатысып, Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басқармасына заңсыз кірді деген айып тағылды. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері мүлікті бүлдіруге ұласып, ауыр зардаптарға әкелген. Ал үш бүлікші әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткен. Жаза жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, «Рақымшылық туралы» заңды қолдана отырып тағайындалды. Осылайша 10 сотталушы, әрқайсысы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Он бірінші сотталушыға 4 жыл үкім кесілді.