Импортталатын балға тиісті бақылау бар ма?
Салдарынан дүкен сөрелерінде құрамында табиғи балы жоқ өнім көбейген. Мәжілісте жиналған сала өкілдері осылай деп, импортерлерден бал сапасы жайлы сертификат талап етуді сұрады. Себебі әрбір отандық өніміміз жіті қадағалаудан өткенмен, шетелден әкелінетін бал сапасына еш талап қойылмайды. «Ал арзан баға жетегінде жүріп, сатып алушылар отандық тауарды таңдай қоймайды»,- дейді олар.
Сала өкілдерін алаңдатқан тағы бір түйткіл - ел аумағына шығу тегі белгісіз аралардың әкелінуі. Омарташылар бұл жағдайды ретке алмаса, бал аралары арасындағы аурулар көбейе ме деп қауіптенеді.
Бағлан Бекбауов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Осы еліміздің аумағына кіретін бал ұяларына бақылауды күшейтеміз. Ауру жұқтырған әртүрлі ауруларға бейім бал ұяларын кіргізбеу мақсатында карантиндік алаңдарды құрып, қазіргі таңда осы ветеринарлық бақылауды жүргізу мақсатында 64 ветеринарлық посттардың барлығын осыған бейімдеуге қазір іс-әрекет жүрігізіп отырмыз.