14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел өршіп тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, былтыр 420 жағдай тіркелсе, биылғы 3 айдағы көрсеткіш одан жоғары.
Мәселен, Астана қаласында 126 бала көкжөтелмен ауырып жатыр. Ал Қарағандыда – 66, Павлодар облысында – 42, Атырауда – 48, Ақтөбеде – 39 жағдай тіркелген. Басқа аймақтарда да тіркелген, бірақ көрсеткіш аса көп емес.
Мамандар 5 жасқа дейінгі балаларда жөтел байқалса, үй жағдайында емдемей, бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Ең дұрысы – вакцина салдыру. Себебі сырқаттанғандардың 89%-і вакцина алмаған.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Келесі фазасы – жөтел. Қарқыны күшейеді. Одан кейін үдей түседі. Одан кейін созылмалы жөтел пайда болады. Әсіресе түнде тыныс алуы пайда болып, құрысып, қиын жөтел пайда болады. Созылмалы, өте ауыр жөтелдің салдары адамның миының жарылып кетуіне немесе қан кетуіне, мидың қабынуына әкелу сияқты үлкен асқынуларға әкеледі.