Қоғам ретінде өзгеруіміз керек — Айдос Сарым
«Заң алдында – бәрі бірдей. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді». Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда бұл біздің ұстануға тиіс құндылықтарымыз деп атап өтті. «Келесі құндылық – әділдік және жауапкершілік», - деді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мемлекетпен қатар қоғамның да ұстанымына айналуы керек. Сонда ғана ауқымды өзгерістерге қол жеткіземіз. Ал заңдық тұрғыдан қажетті алғышарттар жасалған. Керегі тек әрекет.
Айдос Сарым, Ұлттық құрылтай мүшесі:
- Сөз бен істің арасында саңылау болмауы керек. Бір жағынан әкімді тазалық бойынша сынап алып, екінші жағынан өзіміз темекі мен сағызымызды шаша беретін болсақ – ол да жақсылық емес. Сол сияқты біз қоғам ретінде өзгеруіміз керек. Ол үшін біреуге ұнасын, ұнамасын, идеологиялық жұмыс керек.