Депутат Нартай Аралбайұлы әскердегі әлімжеттік мәселесін көтерді
Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы болса қазақ әскеріндегі қазіргі ахуал туралы сөз қозғап, Қорғаныс министріне депутаттық сауал жолдады. Ол бейбіт күнде сарбаздардың түрлі дене жарақатын алып, тіпті кейбіреуі қайтыс болып жатқанын айтып ашынды. Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанып жатқан жағдай.
Айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Ал соңғы төрт жылда әскерде 86 суицид тіркелген. Бұл қасақана жасалған әрекет пе, әлде жазатайым оқиғлар ма?
Нартай Аралбайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Былтыр Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде 50 мыңнан астам бейнекамера орнатылғанын хабарлады. Ондағы жазбалар қайда? Жоғарыда айтылған жағдайларды ескеріп, сізден келесі шараларды қолға алуды ұсынамын: еліміздің армиясындағы аталған келеңсіздікті тыю және алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдауды, әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалады қолға алып, олардың іске асуын жеделдетуді.