Қазақстанда көмірді терең өңдейтін 15 зауыт салынуы мүмкін
Көмір өндірушілер мен шетелдік инвесторлар жобаның құнын есептеу және бірлесіп іске асыру туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде ондыққа кіреді. Бірақ көмір химиясы әлі күнге дамымай отыр. Ал бұл саланы жақсы жолға қойған елдер қазір одан тыңайтқыш, металл, полиэтилен сияқты 400 түрлі өнім алуда. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, экономикалық пайдасынан бөлек елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Азамат Панбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы:
- Мысалы, былтыр Шұбаркөл кен орнында қуаттылығы 400 мың тонна болатын көмір өңдеу өндірісі іске қосылды. Ол жерде кокс өндірісі іске қосылды. Соған қосалқы майлар мен химиялық заттар өндірісі басталды. Сол сияқты жобаларды бізде көбейтіп, инвесторларды тартып, көмір өңдеуге көшу – біздің мақсатымыз