Хабар телеарнасы

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 694 сантиметрге жетті

Енді Шаған да арнасынан асуы мүмкін деген қауіп бар. Ұлттық ұлан сарбаздары өзен жағасындағы бөгетті биіктетіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында соңғы 10 күнде 600-дей үйді су басып, 7 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың бірқатары туған-туыстарын паналаса, тасқынның беті қайтқан соң, үйлеріне оралған.