Көпке үлгі болған 11 жасар оқушы қызға «Хабар» Агенттігі ұялы телефон табыстады
Апат кезінде көпке үлгі боларлық әрекетке барған оқушылар да болды. Олардың бірі кентаулық - Гаухар Шәймерден. Ол жаңа мобильді телефон сатып алуға деп бір жыл жинаған ақшасын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмекке жіберген.
Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өтемақы, төлем түрлері, құрылысқа немесе су басқан үйді қалпына келтіруге байланысты qoldau.gov.kz. ақпараттық порталы арқылы ақпарат біліп, өтінім бере алады.