«Таза Қазақстан». 180 мың мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі басталды. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр.
Оқу-ағарту министрі бастаған челленджге еліміздің 180 мың мектеп түлегі қатысып, 50 мың түп көшет екті. Елордадағы нөмірі 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің ауласына 33 түп терек, шырша сынды түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бүкіл Қазақстанның мектептерінде осы игі шараны тұрақты дәстүрге айналдыру мақсатында басталып кетті. Бұл жалпы тек қана бір реттік іс-шара емес. Әрі қарай да жалғасын табатын елімізді көркейтуге, оның тазалығын сақтауға, бүкіл жастардың бойында керемет экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ұстаздармен бірге біз үлкен жұмыс бастап кеттік.
Марғұлан Төрегелдиев, 11-сынып оқушысы:
- Біздің қаламыздың әрі қарай көркейіп, гүлденуі үшін қажет бастама. Бұл жыл сайын қайталанып отырады. Келесі жылдарда да. Біз ағаштарды еккеннен кейін біз жыл сайын келіп тұрамыз, суғарып тұрамыз. Яғни байланысымыз үзілмейді мектеппен.