Хабар телеарнасы

Атырау облысында 60 мың гектар орман алқабын су басты

Атырау облысында 60 мың гектарға жуық орман алқабы су астында қалды. Жайық өзені соңғы рет 2005, 2006 жылдары арнасынан асып, орман-тоғайларға су жайылған. Одан кейінгі құрғақшылық салдарынан орман қорының 35% құрап тұрған. Қазір Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені бойындағы орманның 80%, Жайық бойындағы Индер Махамбет және Атырау қаласы маңындағы тоғай толықтай суда тұр. Алайда орманшылар көп жылғы теректерге тасқынның залалы тимейді. Керісінше тал-теректер жаңарып, жаңа өскіндер шығады деп отыр. Бір өкінішітісі, қала іргесіндегі тұқымбақ та су астында қалды. 

Мереке Шалқаров, «облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы:
-Орман қорына алып бара жатқандай залал жоқ. Екінші мәселе көшеттер: орман қорына егуге дайындалған 2 млн-ға жуық тұқым бақтарда көшеттеріміз бар еді. Оны енді уақыт көрсетеді, су кеткеннен кейін қарап, Орман Кодексінің талаптары бойынша қыркүйек айында орман қорына есептеу жүргіземіз.