Хабар телеарнасы

Шымкентте өкпенің III-сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз операция жасалды

Шымкентте алғаш рет өкпенің үшінші сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз операция жасалды.

Онкологиялық орталықтың дәрігерлері иненің жасуындай ғана тесікпен кеуде қуысындағы ісікті алып тастады. Дәрігерлер 65 жастағы науқастың жағдайын 4 ай бойы бақылап, арнайы дайындық жүргізген. Содан кейін ғана Ресейден жетекшілікке белгілі хирургтар шақырылған. Бұған дейін мұндай диагнозы бар адамдар операцияны Астана мен Алматы қалаларында жасататын.

Евгений Левченко, ғылыми-зерттеу институты кеуде онкологиясы бөлімінің меңгерушісі:

- Кеше 3 операция жасалды. Қатерлі ісікті алып тастағаннан кейін науқастардың жағдайы жақсарғанын байқадық. Қазір олар есін жинап, бақылауға алынды. Біз олардың өкпесін аман алып қалуға тырыстық. Мұндай ауру түрі шылым шегетін адамдардың арасында кеңінен тарап барады. Дегенмен Қазақстанда, оның ішінде Шымкент қаласында дертке душар болған адам аз екен.