Хабар телеарнасы

Қазақ даласына Пржевальский жылқысы оралды

Қазақстан мен Чехия арасындағы келісім аясында үш жылқы Арқалық әуежайына жеткізілді. Қазір кертағы деп аталып жүрген Пржевальский жылқылары көлікпен Амангелді ауданындағы «Әліби» ре-интродукция орталығына жіберілді. Осылайша, 60-жылдардың аяғында табиғатта жойылып кеткен кертағылардың қазақ топырағына қайта тұяғы тиді. Халықаралық келісімге сәйкес, жалпы саны елу Пржевалский жылқысы осы өңірде жерсіндіріледі. Торғай даласы сирек кездесетін осы жануардың ежелгі атамекені саналады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
-Осы кертағы осы Торғайдың кең даласында өзінің орынын тауып осы кеңінен тарайды. Себебі бүгінгі Чехия ғалымдары, Германия ғалымдары біздің ғалымдар осы мәселе бойынша біраз тәжірибе жинады. Жалпы өңірдің дамуына өзінің ықпалын тигізеді деген үлкен бір сенімдеміз. Себебі қазір осы кертарғы келгесін мұны біраз біз көбейткесін, әрине осы өңірде экологиялық туризмнің өзі дами бастайды.