Хабар телеарнасы

22 мекемеде мемлекеттік қызметке онлайн іріктеу жүріп жатыр

Мемлекеттік қызметке онлайн іріктеу. Бұл - Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің пилоттық жобасы. Қазір 22 мемлекеттік мекемеде жүзеге асып жатыр. Ал 2026 жылға дейін еліміздің барлық мемлекеттік органдарында іске қосылмақ деді бүгін елордада бас қосқан мамандар. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметтегі әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жайы айтылды. Мемлекеттік қызметтегілердің 56% жуығы әйелдер болса, басшылық қызметте отырған қыз-келіншектер саны 39% асқан. Жастарға да мүмкіндік көп. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға еңгізілген өзгерістерге сай жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған 172 түлек ешбір байқауға қатыспай-ақ, аудан және ауылдық жерлерден жұмыс тапқан. 

Жансая Есетова, аудандық мәслихаттың бас маманы:
-2023 жылы ЖОО-ның қызыл дипломмен бітіріп, жаңа заңнамаға сәйкес GPI балым 3,53 балл болғандықтан мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалған болатынмын. Қазіргі кезде Меңдіқара аудандық мәслихатында бас маман ретінде жұмыс атқарып жүрмін.