Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Франция Балқаш көлін сақтау бойынша келісімге қол қойды

Халықаралық One Water Summit аясында еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі, Францияның Даму агенттігі, сондай-ақ Геологиялық және тау-кен бюросы Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды. Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды көздейді. Келісім аясында Балқаш көлінің су ресурстарын басқаруды дамытуға 1 млн 350 мың еуро грант бөлінеді. Сондай-ақ су айдынының ішкі суларын сақтау шаралары қамтылады.