Хабар телеарнасы

Аптап ыстық пойыз кестесіне әсер етіп жатыр

Елімізде аптап ыстық. Шойын жолдар шыдас бермей, балқып жатыр.

Оңтүстік пен батыста рельстер 60 градусқа дейін қызған. Салдарынан пойыздар жылдамдығын тежеп, кестеде көрсетілген уақытынан кешігіп жатыр. Оған қоса теміржолдағы жөндеу жұмыстары тағы бар. Сондықтан мамандар жолаушыларға діттеген жерінен қалмас үшін сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес беріп отыр.

Сара Сахынбек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі:

- Солтүстік және шығыс өңірлерде температура +40°С, ал оңтүстік және батыс өңірлерде +45°С-қа жетті. Осындай сыртқы температурада теміржол рельстері +58°С - 62°С-қа дейін қызады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өңірлерде пойыздардың жылдамдығын шектеді. Салдарынан пойыздардың кешігуі орын алуда. Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жолаушыларға түсіністік пен шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіреді.