Хабар телеарнасы

Құмаройынға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды

Құмаройындары мен бәс тігуге тыйым салынады.

Арнайы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жиынға Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері, Парламент депутаттары мен ойын бизнесінің өкілдері қатысты.

Бұл петицияға 50 мың адам қол қойған. Жауапты министрлік 40 күн ішінде шешім қабылдауы тиіс. Ведомство ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп, лудоманияның алдын алу жөніндегі жұмысты бастады.