МӘМС-ті реформалау туралы петиция назарға алына ма?
Қазақстандықтардың 1/4 бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысқылары келмейді. Бұл МӘМС қоры жүргізген сауалнаманың ресми нәтижесі. Азаматтар тіпті бұл жүйеге реформа қажет деп онлайн петиция жариялаған. Қазір 1,5 мыңға жуық дауыс жинаған петицияда, ең алдымен, МӘМС жарнасын тек бір табыс көзінен аудару талабы тұр. Қор басшысы бұған қатысты пікір білдірді. Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, азаматтар бірнеше жерде жұмыс істеген күннің өзінде ай сайын 17 мың теңгеден артық төлемейді. Өйткені МӘМС жарнасы алынатын ең жоғары табыс - 850 мың теңге.
Әбілқайыр Сқақов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы:
- Біз қазір ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Бұл арнайы қор құзіретіндегі мәселе емес. Жүйеде 50 мыңнан астам дауыс алатын болса, орталық мемлекеттік орган оны жұмысқа алады. Бұл жерде жұмыс тобы құрылады.