Мамандар: Этномедиация институтын қалыптастыру керек
Этномедиация институтын қалыптастыру керек. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында ұйымдастырылған сараптамалық кездесуде мамандар осыны айтты. Энтомедиацияның басты міндеті ұлтаралық түсініспеушіліктің алдын алуға бағытталған. Бұл ретте басты жұмыс – зерттеу, талдау және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Институт сарапшылары еліміздің 30-дан астам ірілі-ұсақты елді мекендерінде зерттеулер жүргізіп, ұлтаралық сипат беріліп келген кейбір дау-жанжалдардың төркіні басқада екеніне көз жеткізіп отыр.
Талғат Қалиев, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры:
– Екі адам жолда ДТП болып қалса, екеуі екі этностың өкілдері болған кезде, екеуі тіл табыспай қалса, ағаларына хабарласады. Жан-жақтан бауырлары келеді, олар екі этностың өкілдері. Сондықтан екі топ төбелесіп кеткен болса, басқалары көріп, біз мыналарға болысуымыз керек дейді. Ол «этникалық мобилизация» деп аталады. Сондай жағдайларды болдырмас үшін ең басында дұрыс шешіп отыру керек.