Мамандар: Жаңа атом электр станциялары заман талабына сай
Бүгінде әлемде 59 атомдық электроблоктың құрылысы жүріп жатыр. «Бұл - экономикалық жағынан тиімді әрі қауіпсіз», - дейді сала мамандары.
Қазіргі таңда 32 мемлекетте 416 атомдық блог жұмыс істеп тұр. Бұл салада көш басына шыққан елдер: АҚШ, Франция және Қытай. Жаңа реактор салуға Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр, Ресей сияқты мемлекеттер ерекше көңіл бөлуде.
Атом энергиясы институтының мамандары 3 және 3+ кезеңіне жататын жаңа атом электр станциялары заман талабына сай деген пікірде.
Вячеслав Гныря, «Атом энергиясы институты» филиалы директорының орынбасары:
- Қазіргі атом электр станциясын салатын компаниялар бірінші орынға міндетті түрде қауіпсіздік мәселесін қояды. Ол үшін істеп тұрған станцияларды жетілдіру қолға алынды. Ал үшінші кезеңге жататын жаңа реакторларға келетін болсақ, онда қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік пен техникалық мүмкіндіктері едәуір жетілдірілген деп сеніммен айта аламыз.