Хабар телеарнасы

2029 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 3 ГВт-тан асуы мүмкін

Елімізде 2029 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 3 ГВт-тан асуы мүмкін. Қазір энергетиканың 80% көмір жағу арқылы алынады. Су және жылу электр станцияларының дені 60 жыл бұрын пайдалануға берілгендіктен, тозып тұр. Оларды қайта қалпына келтіру тиімсіз. Ал « АЭС – тұрақты әрі таза энергия көзі»,— дейді мамандар. 

Феликс Болатбаев, Техникалық университеттің энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің деканы:
-Жыл өткен сайын елімізде алып құрылыстар салынып, жаңа өндіріс ошақтары іске қосылуда. Олардың барлығына бірінші кезекте энергия керек. Біздегі баламалы қуат көздері де мұны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет. Әрине бұл қымбат жоба. Бірақ келешекте өзін-өзі ақтайды. Кем дегенде 60 жыл энергия тапшылығы болмайды.